Зайнутдиновке Еуропадағы 55 дүркін чемпионы қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов еуропалық топ-чемпионат клубтарының назарында.

Зайнутдиновке Еуропадағы 55 дүркін чемпионы қызығушылық танытты
NUR.KZ

«Бақтиер жаңа деңгейге шыға алады» — алғашқы бапкері

Бұл туралы футболшының алғашқы бапкері Рахмон Устабаев ASNews порталына берген сұхбатында айтты. Устабаевтың айтуынша, Зайнутдиновтің әлеуеті Еуропада ойнауға толық жеткілікті:

«Бақтиер өзін әлі жаңа деңгейде көрсетеді. Ол ЦСКА құрамында жүргенде оған Шотландияның “Глазго Рейнджерс” клубы қызығушылық танытқан. Еуропадан әрдайым ұсыныс болады, ең бастысы — дұрыс таңдау жасау», — деді маман.

«Бешікташтан» — «Динамоға»

Биыл Зайнутдинов Түркияның «Бешікташ» клубынан Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысқан. Ол жаңа клубында негізгі ойыншылардың бірі ретінде қарастырылып отыр.

Айта кетейік, Шотландияның «Глазго Рейнджерс» клубы — өз елінің 55 мәрте чемпионы. Сонымен бірге олар Тараз футбол мектебінің тағы бір түлегі — Ғалымжан Кенжебекке де айтарлықтай қызығушылық білдіруде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір