«Астана» ФК алдағы маусымдарда тұрақты қаржыландыру көзін табу үшін инвестор іздеуді жалғастырып жатыр.
ASnews.kz жариялаған ақпаратқа сай, клубты сатып алуға немесе басқаруға қатысуы мүмкін компаниялардың бірі — «Qarmet» АҚ. Аталған кәсіпорынның иесі — Андрей Лаврентьев. Ол 2025 жылы Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлер рейтингінде 12-орынға жайғасқан.
Дереккөздер мәліметінше, Андрей Лаврентьев бірқатар ұйымда басшылық және кеңесшілік қызмет атқарады. Оның ішінде:
Бұған дейін де БАҚ-та «Астананың» қаржылық қиындықтары туралы бірнеше ақпарат шыққан. Сол себепті клуб желтоқсанда жоспарланған оқу-жаттығу жиынын тоқтатуға (болдырмауға) мәжбүр болғаны хабарланған.