Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қарағандыда жаңа футбол стадионы салынады

Сарапшы, спорт журналисі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баспасөз мәслихатында аймақта футбол инфрақұрылымын дамыту жоспарын таныстырып, жаңа футбол стадионының құрылысы бойынша нақты мәлімет берді. Айтуынша, бұл жұмыстар «Шахтер» клубы жекешелендірілгеннен кейін жүйелі түрде қолға алынбақ.

Қарағандыда жаңа футбол стадионы салынады
sportishka.com

Ескі стадион жаңарып жатыр

Өңір басшысы ең алдымен 1956 жылы салынған ескі стадионның қайта жаңғыртылып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, реконструкция жұмыстары былтыр басталған.

Әкімнің мәліметі бойынша алаңға жөндеу жүргізілген. Келесі кезекте трибунаның астындағы бөлмелер мен жалпы инфрақұрылымды жаңарту жоспарланған.

Жаңа жоба: 12 мың орындық жабық стадион

Екінші бағыт ретінде Қарағандыда жабық стадионның жобасы әзірленіп жатқанын айтты. Алдын ала жоспар бойынша жаңа арена шамамен 12 мың көрерменге лайықталмақ.

Жаңа стадион спорттық кластер аумағында, яғни Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс ықшамаудандарының арасында орналасады.

Еске салайық, Қарағандының «Шахтер» ФК жаңа иесі — Тимур Турлов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір