Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Forbes тізіміндегі миллиардер екі дүркін ел чемпионына 26,5 млрд теңге құюға дайын

Сарапшы, спорт журналисі

Қос дүркін Қазақстан чемпионы «Шахтёр» ФК ірі инвестиция тартылмақ. Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов клубтың дамуына жалпы көлемі 26,5 миллиард теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

Forbes тізіміндегі миллиардер екі дүркін ел чемпионына 26,5 млрд теңге құюға дайын
фото ашық дереккөзден алынды

Инвестиция жоспары: академия, клуб шығыны және жастар бағыты

Турловтың айтуынша, қаржы бірнеше бағытқа бөлінеді:

  • 16 млрд теңге – клуб академиясын дамытуға;
  • 4 млрд теңге – келесі маусымдағы операциялық шығындарға;
  • Қаражаттың жартысынан көбі – жастар футболына инвестиция ретінде бағытталмақ. 

Кәсіпкер команда Бірінші лигада ойнайтынын да ескергенін атап өткен. Осыған байланысты негізгі құрам бюджеті аса қомақты болмай, басты басымдық «болашақ команданы» қалыптастыруға жасалмақ. 

2029 жылға дейін тағы 6,5 млрд теңге: өңірлік футбол жобалары

Бұдан бөлек, 2029 жылға дейін облыстық футбол қауымдастығының жобаларын қолдау үшін қосымша 6,5 млрд теңге инвестиция құю жоспары бар. 

Тимур Турлов 2025 жылдың қарашасында «Шахтёрдың» иесі атанды. Forbes Kazakhstan жариялаған рейтингте Турловтың дәулеті $5,8 млрд деп бағаланып, ол Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде екінші орынға көтерілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір