FIFA The Best 2025: үміткерлер тізімі жарияланды.
Сейсенбі, 16 желтоқсанда, Катар астанасы Доха қаласында футбол әлеміндегі ең беделді марапаттардың бірі — 2025 жылғы The Best FIFA Football Awards салтанатты рәсімі өтеді. Бұл кеште өткен маусымда ерекше көзге түскен үздік футболшылар мен бапкерлер анықталады.
Аталған марапаттың «Жылдың үздік футболшысы» атағына бұл жолы 11 ойыншы үміткер болып отыр. Үміткерлер тізімінде Еуропаның жетекші клубтарында өнер көрсететін жұлдызды футболшылар бар.
Толық тізім:
Айта кетейік, бұған дейін Пари Сен-Жерменнің шабуылшысы Усман Дембеле 2025 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің иегері атанған болатын. Француз футболшысы өткен маусымды аса жоғары деңгейде өткізіп, клубымен бірге бірқатар ірі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол Франция чемпионатын, ел кубогын, Суперкубокты, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Сонымен қатар, Дембеле париждік клуб сапында клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, шешуші матчта өнер көрсетті. Оның маусым бойғы тұрақты ойыны, шешуші кездесулердегі нәтижелілігі мен командалық жетістіктері футбол мамандары мен жанкүйерлер тарапынан жоғары бағаланып отыр.