«Ордабасы» да олигархтың қолына өте ме?

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда осыған қатысты қауесет тараған болатын. 

«Ордабасы» да олигархтың қолына өте ме?
ru.sputnik.kz

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Ордабасы» клубын қазақстандық кәсіпкер Серікжан Сейтжановтың сатып алуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасалды.  

OTYRAR порталының мәліметінше, Серікжан Сейтжановтың атынан сөйлеген ресми өкіл бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған. 

«Қазіргі таңда мұндай ұсыныс түскен жоқ. Егер болашақта нақты ұсыныс келіп түссе, келіссөз жүргізуге дайынбыз», — деді Азиз Досымбетов, «Саутс-Ойл» ЖШС президентінің ресми өкілі.

Клуб жеке меншікке өтуі мүмкін

Сонымен қатар, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы дереккөздің хабарлауынша, «Ордабасы» футбол клубын 31 желтоқсанға дейін жеке меншікке беру жоспарда бар.

Алайда ықтимал мәміленің, қаржылық көлемі, жаңа иесінің кім болатыны және басқару құрылымына қатысты әзірге ешқандай мәлімет ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір