Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сауд Арабиясының тақ мұрагері "Барселонаны" сатып алмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі журналист Сауд Арабиясының тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бин Салман "Барселона" футбол клубын сатып алу туралы ұсыныс жасауды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері "Барселонаны" сатып алмақ
Мұхаммед бин Салман. Фото: Win McNamee/Getty Images

Француз журналисі Франсуа Гальярдо X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында футбол әлемін дүр сілкіндіруі мүмкін сенсациялық ақпаратпен бөлісті. Оның мәліметінше, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман әлемдегі ең танымал футбол клубтарының бірі — «Барселонаны» сатып алуға қызығушылық танытып отыр.

Журналистің жазуынша, саудиялық ханзада каталониялық клубты иемдену үшін 10 миллиард еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын. Қазіргі таңда «Барселонаның» қаржылық жағдайы оңай емес: клубтың жалпы қарызы 2,5 миллиард еуродан асып кеткен, ал оны толық өтеу үлкен қиындық туғызуда.

Алайда бұл мәміленің жүзеге асуына бірқатар кедергілер бар. Соның бастысы — клуб мүшелерінің (socios) келісімі. Белгілі болғандай, «Барселона» жанкүйерлерге тиесілі клуб болғандықтан, оны сату мәселесі тек мүшелердің дауыс беруі арқылы шешіледі. Дегенмен Гальярдо бұл жайттың өзі келіссөздерге нүкте қоймайтынын меңзеп отыр.

«Сенсациялық жаңалық! Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман “Барселонаға” 10 миллиард еуро ұсынбақшы. Клубтың қарызы 2,5 миллиард еуродан асады және оны өтеу оңай емес. Жалғыз кедергі — клуб мүшелері, бірақ... Алда күтпеген жаңалықтар болуы мүмкін», — деп жазды журналист.

Қазіргі таңда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ, алайда аталған хабар футбол қауымдастығы арасында үлкен талқылауға себеп болды. Егер келісім жүзеге асса, бұл футбол тарихындағы ең ірі мәмілелердің бірі болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір