"Қайрат" әлемдегі үздік клубтар қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемдегі ең үздік 500 клубтың жаңартылған рейтингін жариялады.

"Қайрат" әлемдегі үздік клубтар қатарына енді
Фото: "Қайрат" ФК

IFFHS рейтингіне енген жалғыз қазақстандық клуб – алматылық "Қайрат". Рейтингте "Қайрат" 90,75 ұпай жинап, 240-орында тұр.

Дегенмен алматылық клубтың рейтингте кейбір танымал клубтардан жоғары тұрғанын айта кетейік. Мысалы, франциялық "Ницца" 242-ші, испаниялық "Севилья" 252-ші, ал Англияның "Вест Хэм" клубы 253-орынды иеленген.

Рейтингте көш бастап тұрған клубтарға келсек, бірінші орында Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы, екінші орында "Реал Мадрид" тұр. Ал үздік үшікті Лондонның "Челси" командасы түйіндеген.

Рейтинг командалардың 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі көрсеткіштерін ескере отырып жасалған.

Естеріңізге салсақ, биыл алматылық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан болатын. Алты турдан кейін "Қайрат" 1 ұпаймен 36 орында орналасты. 2026 жылдың қаңтар айында алматылықтар "Астана-аренада" "Брюггені' қабылдайды, және Англия астанасында "Арсеналға" қарсы ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір