Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Бір билет — 2 миллион теңге»: жанкүйерлер ӘЧ-2026 бойкот жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған билеттердің бағасы Англиядағы фанаттарды ашындырып отыр. Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, бір топ жанкүйер билетті сатып алмауға үндеп, Англия футбол қауымдастығының (FA) басшылығына ресми хат жолдаған.

«Бір билет — 2 миллион теңге»: жанкүйерлер ӘЧ-2026 бойкот жариялады
laprensa.hn

Финалға бару «қалтаны қағады»

Жанкүйерлерді ең қатты шошытқаны — финалға арналған орын бағасы. Sky Sports дерегінде Англия жанкүйерлеріне арналған квота бойынша финалдың ең арзан билеті £3 129 шамасында көрсетілген (қазақстандық валютаға шаққанда — 2 млн теңгеге жуық). 

Осы себепті Англиядағы фанаттар FA-дан FIFA-ға мәселе көтеріп, баға саясатын қайта қарауды талап еткен.

FIFA-ға қысым күшейді: «баға — жанкүйерге сатқындық»

Еуропадағы жанкүйер ұйымдары да FIFA-ның билет бағасын қымбаттатып жібергенін сынап отыр. Football Supporters Europe (FSE) бұл саясатты «жанкүйерлерге жасалған сатқындық» деп бағалағаны айтылды. 

ӘЧ-2026 11 маусым 2026 жылы Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында басталады — алғашқы ойында турнир қожайыны Мексика алаңға шығады. 

Ал финал 19 шілде 2026 жылы АҚШ-тағы Нью-Йорк/Нью-Джерси стадионында (MetLife Stadium, Ист-Ратерфорд) өтеді.

Турнир кеңейді: 48 құрама, 104 матч

ЧМ-2026 тарихтағы ең ауқымды мундиаль болмақ: бұрынғы 32 құраманың орнына 48 ұлттық команда қатысады, ал жалпы матч саны 104-ке жетеді.

Қалған орындардың бір бөлігі Еуропа аймағындағы плей-офф арқылы, ал екі соңғы жолдама құрлықаралық FIFA плей-офф турнирінде сарапқа салынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір