Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Ман Сити» өзбек жанкүйерлерін дүрліктірді

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда клубтың ресми парақшасында өзбек тілінде жазба жарияланды. 

«Ман Сити» өзбек жанкүйерлерін дүрліктірді
sport.rambler.ru

Англияның атақты футбол клубы «Манчестер Сити» Instagram желісінде Өзбекстан аудиториясына арналған жазба жариялап, алдағы жаңа серіктестік туралы ишара жасады.

Клубтың ресми парақшасында жарияланған жазба ағылшын және өзбек тілдерінде қатар берілген. Онда жанкүйерлерге тікелей үндеу бар:

«Өзбекстан… дайынсыңдар ма? Жаңа сенімді серіктес жолда.
#KattaQadamIshonchliZarba»

Жарияланған суретте Абдукодир Хусанов, Эрлинг Холанд және Фил Фоден бейнеленген. Сондай-ақ жазбада 2025 жылдың 19 желтоқсан күні көрсетілген. Бұл күн жаңа серіктестіктің ресми түрде таныстырылатын уақыты болуы мүмкін.

Алайда клуб әзірге, серіктестіктің форматын, оның мазмұнын немесе коммерциялық немесе спорттық бағытта болатынына қатысты қандай да бір қосымша мәлімет жария етпеді. 

Жанкүйерлердің реакциясы әртүрлі

Өзбекстандық жанкүйерлердің бір бөлігі ағылшын клубының анонсын үлкен қызығушылықпен күтіп отырғанын жазса, енді біреулері Абдукодир Хусановтың әлеуметтік желідегі жазбаларда жиі көрініп, алаңда сирек шығатынына қынжылыс білдірді.

«Манчестер Ситидің» бұл қадамы Орталық Азия нарығына бағытталған ірі жобаның бастамасы болуы мүмкін. Ал нақты жауапты жанкүйерлер 19 желтоқсанда алатын болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір