Дэвид Бекхэмнің клубы "Барселона" жұлдызына көз тігіп отыр.
Дэвид Бекхэм иелік ететін америкалық «Интер Майами» клубы «Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовскиді өз құрамына қосуды жоспарлап отыр. Спорттық инсайдерлердің соңғы мәліметтеріне сәйкес, клуб бұл трансферді 2026 жылдың жазында, поляк шабуылшысының каталондықтармен келісімшарты аяқталған кезде жүзеге асырмақ.
«Құтаншылардың» басшылығы жұлдызды футболшының ықтимал көшуіне қазірдің өзінде дайындықты бастап кеткен. Ақпараттарға қарағанда, клуб өкілдері Левандовскидің отбасы үшін Майамиден лайықты баспана іздеуге кіріскен. Ал МЛС-тің басты жұлдызы Лионель Месси поляк ойыншысының келуіне жеке өзі мүдделі көрінеді. Ол Левандовскиді шабуылдағы мінсіз әріптес әрі Луис Суарестің ықтимал орнын басатын ойыншы ретінде қарастырып отыр деген қауесет бар.
2026 жылдың жазына қарай 37 жасқа толатын поляк сұрмергені үшін АҚШ-қа көшу алдағы әлем чемпионатынан кейін мансабындағы әсем соңғы аккордқа айналуы мүмкін.
Жасына қарамастан, Левандовски «Барселона» сапында жоғары нәтижелілік көрсетіп келеді. Бұл оның АҚШ-та өтетін әлем чемпионаты қарсаңында барынша медиялық әсерге ұмтылған америкалық лига үшін тартымды нысанаға айналуына себеп болып отыр. Егер келісім жүзеге асса, «Интер Майами» әлем футболы тарихындағы ең атақты әрі титулды шабуыл шептерінің бірін жасақтауы мүмкін.