Бірінші кім? «Қайрат» капитаны Мбаппені екінші орынға қойды

Сарапшы, спорт журналисі

Александр Мартынович ФИФА нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік футболшысын анықтауға арналған дауыс беру рәсіміне қатысқан болатын. 

Бірінші кім? «Қайрат» капитаны Мбаппені екінші орынға қойды
Kursiv.kz

Алматылық «Қайраттың» капитаны әрі Беларусь құрамасының ойыншысы Александр Мартынович ФИФА нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік футболшысын анықтауға арналған ресми дауыс беруге қатысты.

Өзінің дауыс беру парағында Мартынович бірінші орынға «Барселона» әрі Испания құрамасының вингері Ламин Ямалды қойған. Екінші орынды ол мадридтік «Реалдың» және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге берсе, үшінші орынға ПСЖ мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Витиньяны таңдаған.

ФИФА нұсқасы бойынша жеңімпаз

Жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағы ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембелеге бұйырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір