"Қазақстанды әлем чемпионатына шығарамын": "Қайрат" түлегі Еуропа чемпионатына ауысты
«Қайрат» футбол академиясының түлегі Шахмұрат Дәулетов Бельгияның «Генк» клубына ауысты.
Сурет: ашық дереккөздерден
Жас шабуылшы жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында ойнап та үлгерген.
«Kassim – Это Футбол» YouTube-каналына сұхбат берген Шахмұрат өзін болашақта Қазақстан құрамасында көретінін жасырмады.
«Әрине, мен Қазақстан құрамасы үшін ойнаймын, өйткені бұл менің Отаным. Күні бүгінге дейін осы елде тұрдым. Сондықтан, маған таңдау туса - мен Қазақстанды таңдаймын. Өзіңнің шыққан жеріңді ұмытпау керек. Мені дақын күндері ұлттық құрама сапында күтіңіздер. Қазақстанды әлем чемпионатына шығарамын», - деді Дәулетов.
Айта кету керек, қазақ футболшысы бұған денйін Түркияның «Антальяспоры» мен Бельгияның «Беерсхот» клубтарында ойнап үлгерген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet