Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ақтөбе» клубының қорғаушысы Бағдат Қайров «Қайратқа» ауысуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
— Бағдат, сен бұл маусымды өте жақсы өткіздің. Қазақстан құрамасында да өзіңді жақсы қырынан көрсеттің. «Ақтөбемен» келісімшартыңа тағы бір жыл бар, бірақ егер «Қайратқа» қажет болып қалсаң ше? Қазір олардың қапталында Тапалов пен Мрынский жарқырап жүр. Сенің таңдауың қандай болар еді?
"Жоқ. Біз «Ақтөбеде» өзімізге мақсат қойдық. Ол істі аяқтамай жатып, кетуге болмайды".
— Ал келісімшарт аяқталғаннан кейін ше?
"Ол клубқа байланысты. Бұрын да осындай жағдай болған: клуб маған келісімшартты ұзартпады. Сол кезде мен «Тобылға», кейін «Ордабасыға» кеттім. Бұл менің еркімде болған жоқ," – деді Бағдат Fonteam youtube-арнасында.
Айта кетейік, 32 жастағы «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі клубқа 2024 жылдың басында «Тобылдан» қайта оралған. Ол Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) нұсқасы бойынша КПЛ-2025 маусымының үздік қорғаушысы атанды.
Өткен маусымда Бағдат Қайров «Ақтөбе» сапында барлық турнирде 27 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.