Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Африка кубогының қатысушысы ҚПЛ-ге өтуге дайын екенін мәлімдеді

Сарапшы, спорт журналисі

Сөз Буркина-Фасо құрамасының жартылай қорғаушысы жайлы.

Африка кубогының қатысушысы ҚПЛ-ге өтуге дайын екенін мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөздерден

Словакияның «Спартак» (Трнава) клубы мен Буркина-Фасо ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Седрик Бадоло ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасына (ҚПЛ) ауысу мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді.

Футболшының айтуынша, қазіргі клубымен белгілі бір келіспеушіліктер бар. Қазір бұл мәселенің қалай шешілетінін күтуде. Әзірге қазақстандық клубтардан нақты ұсыныс түспегенімен, Бадоло кез келген нұсқаны қарастыруға дайын екенін жеткізді.

27 жастағы африкалық ойыншы вингер ретінде де, шабуылға жауапты жартылай қорғаушы позициясында да өнер көрсете алады. Соңғы алты аптада ол Трнава командасының негізгі құрамына енбей қалды. Соған қарамастан, Седрик Бадоло алдағы Африка ұлттар кубогына қатысып, Буркина-Фасо құрамасының намысын қорғайды. Ұлттық құрама сапында ол 29 матч өткізген.

Айта кетейік, 2024 жылдың соңында Бадоло «Ақтөбе» клубымен келіссөздер жүргізгенімен, трансфер соңына дейін жетпеді. Бұған дейін футболшы Словакияның «Погронье» және Молдованың «Шериф» клубтарында доп тепкен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір