Негізгі құрамдағы орнын жоғалтқан футболшы маусым соңында «Баварияда» да қалмайтын болды.
Лондондық «Челси» шабуылшы Николас Джексонмен қоштасуды жоспарлап отыр. Негізгі құрамдағы орнын жоғалтқан футболшы маусым соңында «Баварияда» да қалмайды.
Caught Offside басылымының мәліметінше, Джексонның мюнхендік клубпен жасалған жалға алу туралы келісімі осы маусымның соңына дейін есептелген. Келісімшартта 65 миллион еуроға сатып алу опциясы қарастырылғанымен, «Бавария» бұл мүмкіндікті пайдалануға ниетті емес.
Осыған байланысты «Челси» футболшыны толық трансфер арқылы сатуға дайын.
24 жастағы шабуылшыға ең үлкен қызығушылықты Англия Премьер-лигасының клубтары танытып отыр. Атап айтқанда:
Сонымен қатар, ойыншыға Мадридтің «Атлетикосы» мен «Наполи» де назар аударып отыр.
Ағымдағы маусымда Николас Джексон барлық турнирде 18 матч өткізді. 5 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Джексонның «Челсимен» келісімшарты 2033 жылдың жазына дейін жарамды. Ал футболшының қазіргі нарықтық құны — 45 миллион еуро деп бағаланып отыр.