Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Еуропада доп теуіп жүрген үздік қазақстандықтар анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл тізімге шетелдік академиялар мен клубтарда өнер көрсетіп жүрген жас ойыншылар енді. 

Еуропада доп теуіп жүрген үздік қазақстандықтар анықталды
qazchampions.kz

Қазақстан футболының болашағы саналатын үздік жас ойыншылардың рейтингі жасалды. Бұл тізімге шетелдік академиялар мен клубтарда өнер көрсетіп жүрген ойыншылар енді. 

match.kz_ аккаунтының мәліметінше, қазіргі таңда жеті бірдей қазақстандық жас футболшы Еуропаның беделді клубтары мен академияларында доп теуіп жүр. Атап айтқанда, олар: 

  • Шыңғыс Әлікеев (15 жас) — «Бенфика» U-17 (Португалия)

  • Шахмұрат Дәулетов (16 жас) — «Генк» U-19 (Бельгия)

  • Сәлім Хасанов (16 жас) — «Вильярреал» академиясы (Испания)

  • Алдияр Нұрғали (17 жас) — «Леванте» U-19 (Испания)

  • Шыңғыс Қалиев (17 жас) — «Леванте» U-19 (Испания)

  • Ілияс Әбіл (19 жас) — «Жил Висенте» U-23 (Португалия)

  • Рауль Аллахвердиев (19 жас) — «Райо Вальекано B» (Испания)

Айта кетейік, жуырда 17 жастағы Алдияр Нұрғали «Леванте» U-19 сапында «Эльче» қақпасына екі гол соғып, дубль авторы атанды. Бұл оның Испаниядағы маусымының ең жарқын ойындарының бірі болды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың желтоқсанында тағы бір қазақстандық жас талант — Тәңіржан Еғалиев Германия футбол одағының (DFB) DFB-Stützpunkt Köln U14 бағдарламасына шақырту алды. Бұл — Германиядағы ең үздік жас ойыншыларды дайындайтын элиталық жоба.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір