Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ұлттық құраманың бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров үміткерлермен келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді. 

Ұлттық құраманың бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасалды
Vesti.kz

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкерін тағайындау барысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram-арнасы хабарлады. 

Омаровтың айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбаған.

«Әзірге бұл сұрақ бойынша бір тоқтамға келген жоқпыз. Ықтимал кандидаттармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар Талғат Маруанұлымен де барлық шарттарды талқылаймыз. Менің ойымша, келесі жылдың басында бұл мәселе өз шешімін табады», — деді ҚФФ президенті.

Марат Омаров ұлттық құраманың алдағы ресми жарыстарға дайындықты ерте бастау қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан құрамасы FIFA Series атты ресми турнирдің алғашқы маусымына дайындалуы керек. Алғашқы ойындар келесі жылдың наурыз-сәуір айларында өтеді. Қазақстан бұл турнирді қабылдайтын елдердің қатарына енді. Әр топта әртүрлі құрлықтардан келген төрт ұлттық команда бақ сынайды. Толық тізім келесі жылдың басында белгілі болады, алайда дайындықты қазірден бастау қажет», — деді ол.

Байсуфинов — уақытша бас бапкер

Еске салайық, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұл шешім отандық маман Әли Әлиевтің отставкасынан кейін қабылданды.

Байсуфиновтың жетекшілігімен ұлттық құрама:

  • 4 матч өткізді;
  • 1 жеңіске жетті;
  • 2 ойынды тең аяқтады;
  • 1 кездесуде жеңіліс тапты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір