Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Елімай" ұлттық құрама ойыншысымен келісе алмады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дәурен Жұматтың семейлік «Елімай» клубына ауысуы жүзеге аспайтын болды.

"Елімай" ұлттық құрама ойыншысымен келісе алмады
Дәурен Жұмат. Фото: ҚФФ

Бұған дейін тараптар арасында келісімдер болғанына қарамастан, «Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы жаңа маусымда Семей қаласына бармайды.

AmanVibe дерегіне сүйенсек, келіссөздердің соңғы кезеңінде футболшы өкілдерінің ұстанымы өзгерген. Жұматтың агенттік тобына қазіргі таңда Қазақстандағы ең танымал футболшылардың бірі қосылғаннан кейін, тараптың қаржылық талаптары күрт өскен. Комиссиялық төлемдер мен көтермеақыға қатысты жаңа шарттар «Елімай» үшін ғана емес, сарапшылардың пікірінше, қазіргі сәтте ҚПЛ-дың кез келген клубы үшін тым ауыр болып шықты.

Қазіргі уақытта Дәурен Жұмат еркін агент мәртебесінде және мансабын жалғастырудың басқа нұсқаларын қарастырып жатыр.

Ойыншының мансабы жайлы

Дәурен Жұмат футболдағы кәсіби жолын 2018 жылы екінші лигада өнер көрсеткен «Тараз М» клубында бастады. Ал 2022 жылдың 9 қазанында ол «Қызыл-Жарға» қарсы матчта Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы ойынын өткізді.

2023 жылдың 23 шілдесінде Жұмат «Оқжетпеске» ауысып, клуб сапында 50 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген.

Ал 2025 жылдың 6 маусымында ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасап, Беларусь құрамасына қарсы ойында (1:4) алаңға шықты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір