Жуырда Туризм және спорт министрлігі жыл қорытындысын жариялады.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл қорытындысы бойынша спортшылардың, бапкерлердің және спорт ұйымдарының жетістіктерін айқындайтын «Үздік-2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді.
«Спорттағы үздік серпіліс» номинациясында алматылық «Қайрат» клубының кәсіби футболшысы Дастан Сәтпаев жеңімпаз атанды. Министрлік жас шабуылшыны маусымдағы тұрақты ойыны, жоғары нәтижелілігі мен болашағы зор әлеуеті үшін ерекше атап өтті.
17 жастағы форвард өткен маусымда:
Сонымен қатар, Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасап, алғашқы голын соғып үлгерді.
«Үздік-2025» сыйлығының басқа да иегерлері Алуа Балқыбекова және Айдос Сұлтанғали — «Жылдың үздік спортшысы», Долкунжан Камеков пен Райымбек Ғабиден — «Жылдың үздік бапкері» сондай-ақ, Қызылорда облысы — «Үздік спорттық өңір» номинациясында жеңімпаз атанды.