Екі миллардтан астам: "Жетісудың" жаңа маусымға бюджеті белгілі болды
Бұл сома тек кәсіби футбол клубына ғана емес, облыстық футболға бөлінген қаражат.
Жетісу облысының шенеуніктері футбол командаларын қаржыландыруға 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
Мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған лот сипаттамасына сәйкес, тапсырыс беруші — «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.
Сатып алу нысаны — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қызметтері. Атап айтқанда, бұл қызметтерге:
- кәсіби және жастар футбол командаларын,
- әйелдер футбол командасын,
- Футбол орталығын ұйымдастыру және дайындау,
- олардың Қазақстан Премьер-Лигасы, Екінші лига біріншілігі, әйелдер арасындағы чемпионат, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету кіреді.
Жоспарланған қаржы көлемі — 2 423 491 379,31 теңге.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 23 желтоқсанда қабылдана бастады және 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Жобалар 2026 жылға жоспарланған.
Бұл туралы не ойлайсыз?