Аргентиналық даңқты шабуылшы Лионель Месси футболдағы мансабын аяқтаған соң «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін.
Каталониялық клубтың басшылығы Лионель Мессиге арнайы ұсыныс дайындап жатқан көрінеді.
El Nacional басылымының мәліметінше, аргентиналық жұлдыз «Барселона» клубының басқару құрылымында лауазымды қызмет атқаруы мүмкін. Клубтан кеткеніне бірнеше жыл өтсе де, Месси Каталонияда әлі күнге дейін аса жоғары беделге ие.
Еске салсақ, Лионель Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан 2021 жылға дейін өнер көрсетіп, клуб тарихындағы ең үздік футболшылардың біріне айналды. Ол бұл кезеңде 778 матчқа қатысып, 672 гол соғып, 35 трофей жеңіп алды. Олардың ішінде Ла Лиганы 10 рет және Чемпиондар лигасын 4 рет жеңіп алу бар.
Қазіргі уақытта Месси АҚШ-та тұрып, «Интер Майами» клубында ойнап жүр. Сондай-ақ, ол 2026 жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионатына қатысуы ықтимал.