Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Тараз» жаңа бас бапкерін таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі

«Тараз» команда тізгінін ресми түрде Руслан Есатовқа тапсырғанын хабарлады. 41 жастағы қазақстандық маман Жамбыл облысының тумасы әрі клуб жанкүйерлеріне жақсы таныс есім.

«Тараз» жаңа бас бапкерін таныстырды
instagram/@fctaraz.official

Есатовтың «Таразбен» байланысы бұрыннан бар

Руслан Есатов кәсіби футболдағы жолын дәл осы «Тараз» клубында бастаған. Кейін ойыншы ретінде еліміздегі бірнеше командада доп тепті. Оның мансабында «Лашын», «Каспий», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» секілді клубтар бар.

Есатов бапкерлік қызметке 2019 жылы кіріскен. Әр жылдары ол «Тараз-Қаратау», «Мақтаарал», «Каспий» командаларын басқарды. Осы кезеңде Руслан Есатов өзін нәтижеге жұмыс істейтін, құрылымы бар жүйелі маман ретінде көрсете білді.

2025 маусымындағы басты жетістік

2025 жылғы маусымда Есатов тізгіндеген «Каспий» Бірінші лигада топ жарып, 1-орын алды және клубтың жоғары дивизионға көтерілуіне ықпал етті.

Еске сала кетейік, «Тараз» ФК 32 жастағы қазақстандық менеджер Дидар Сыдықбекті клуб директоры етіп тағайындаған. Маман 1993 жылы Алматыда дүниеге келген. Кәсіби деңгейде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе», «Ордабасы» командаларында өнер көрсетті. 

Сонымен қатар Қазақстанның жасөспірімдер (U‑17, U‑19) және жастар (U‑21) құрамаларына бірнеше рет шақырылған және ұлттық команда сапында ойнаған. 2012 жылы Қазақстан Бірінші лигасының үздік жас ойыншысы атанған. ҚФФ өткізген «ALAN» жобасында инфрақұрылым мәселелері бойынша консультант ретінде жұмыс істеген.

2025 жылы «Атырау» футбол клубында бас менеджер қызметін атқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір