Роналду Мессиден озып, тарихи көрсеткіш бойынша көш бастады
«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду XXI ғасырда Еуропаның ТОП-5 лигасында (Англия, Испания, Италия, Германия, Франция) өткізген минут саны бойынша әлем футболында бірінші орынға шықты.
7sport.net
Роналдудың рекорды қандай?
Score 90 мәліметінше, португалиялық жұлдыздың топ-5 чемпионаттардағы жалпы алаңда болған уақыты — 75 927 минут. Осы көрсеткіш оны аталған санатта тарихи рейтингтің көшбасшысы етті.
Еуропада «Барселона» және «ПСЖ» сапында ойнаған Лионель Месси бұл тізімде үшінші орынға жайғасқан — 70 022 минут.
Ал екінші орын мадридтік «Реалдағы» Роналдудың бұрынғы әріптесі, қорғаушы Серхио Рамосқа тиесілі — 70 461 минут.
XXI ғасырдағы ТОП-5 лигалардағы ең көп минут өткізген 5 футболшы
- Криштиану Роналду — 75 927 минут
- Серхио Рамос — 70 461 минут
- Лионель Месси — 70 022 минут
- Рауль Альбиоль — 63 541 минут
- Дани Алвес — 63 066 минут
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet