Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ғалымжан Кенжебек енді Станислав Черчесовтың қол астында ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы танымал комментатор Ермұхамед Мәулен мәлімдеді. 

Ғалымжан Кенжебек енді Станислав Черчесовтың қол астында ойнайды
kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек мансабын Ресей Премьер-Лигасында жалғастырады. Бұл туралы танымал комментатор Ермұхамед Мәулен мәлімдеді. 

Мауленнің Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, тараздық футбол мектебінің түлегі Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахмат» клубына ауысады. Бұл командаға қазіргі таңда белгілі бапкер Станислав Черчесов жетекшілік етеді.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында қазірдің өзінде тағы бір қазақстандық футболшы — Максим Самородов өнер көрсетіп жүр. Осылайша, алдағы уақытта Грозный қаласының клубында екі қазақстандық ойыншы қатар ойнайтын болады.

Ғалымжан Кенжебектің соңғы клубы «Елімай» болды. ҚПЛ-2025 маусымында ол 11 матч өткізіп, 6 гол соқты. 4 нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір