120 млн тұратын қорғаушы ҚПЛ клубымен келісімшартын ұзартты
Қызылорданың «Қайсар» ФК қорғаушы Әділет Кеңесбекпен келісімшартты ұзартты.
Әділетпен келісімшарт ұзартылды
«Командамыздың сенімді қорғаушысы Әділет Кеңесбек „қасқырлармен“ келісімін жалғастырды. Өткен маусымда ол 25 матчқа қатысып, клуб мақсаттарының орындалуына үлес қосты», — делінген жазбада.
Әділет Кеңесбек туралы: қайдан келді, қанша матч өткізді?
29 жастағы тараздық футбол мектебінің түлегі Әділет Кеңесбек қызылордалық клубқа 2023 жылдың басында «Тараздан» ауысқан.
Ол өткен маусымда:
- ҚПЛ-де «Қайсар» сапында 25 ойын өткізді;
- Қазақстан кубогында 1 матчқа қатысты.
Transfermarkt порталы қорғаушының нарықтағы құнын 200 мың еуро деп көрсетеді. Бұл шамамен 121,2 млн теңге.
2025 жылғы ҚПЛ маусымында «Қайсар» 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орынға тұрақтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.