Серікжан Мұжықов ҚПЛ клубымен ресми келісімшартқа қол қойды
Талдықорғанның «Жетісу» ФК тәжірибелі жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықовты ресми түрде қатарға қосқанын жариялады.
Instagram/@kff_team
Қош келдің, Серікжан!
«Клуб тарихында ұмытылмас із қалдырған Серікжан Мужиков туған командасына қайта оралды», — деп жазды талдықорғандық ұжым.
36 жастағы футболшы — талдықорғандық футбол мектебінің түлегі. Ол бұған дейін де «Жетісу» сапында ойнап, жанкүйерге жақсы таныс есімге айналған.
Ағымдағы маусымда ойыншының клубтық бағыты мынадай болды:
- жылдың басында семейлік «Елімайға» ауысты;
- жазда «Оқжетпеспен» келісімшарт жасады;
- енді ресми түрде «Жетісуға» қайта қосылды.
Статистика: 22 матч, 1 гол және 3 нәтижелі пас
Өткен маусымда Серікжан Мұжықов:
- 22 ойынға қатысып,
- 1 гол соғып,
- 3 голдық пас берген.
Сонымен қатар биыл Қазақстан құрамасы сапында 3 матч өткізген.
ҚПЛ-2025 қорытындысы бойынша «Жетісу» 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға тұрақтады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet