Бауыржан Исламхан болашағы туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан «Астана» ФК келісімшарт мерзімі біткенін мәлімдеп, әзірге қай командада өнер көрсететіні нақты емес екенін айтты.

Бауыржан Исламхан болашағы туралы айтты
vesti.kz

Футболшының айтуынша, келісімшарт аяқталғаннан кейін клуб тарапынан нақты ұсыныс та, келіссөз де болмаған. Сонымен бірге ол «Астананың» Қазақстандағы ірі клубтардың бірі екенін атап өтіп, команданың жақын уақытта еңсесін тіктейтініне сенім білдірді. 

Исламхан елордалық ұжымда қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бәрі басшылықтың шешіміне тәуелді екенін жеткізген. «Ұсыныс түссе — сөйлесеміз» деген қысқа ғана ой айтты.

Еске салайық, Бауыржан Исламхан осы маусымда «Астана» сапына қайта қосылған еді. Қазір ойыншы еркін агент мәртебесін алуға жақын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір