Transfermarkt порталы 2025 жылы посткеңестік кеңістіктегі ең көп қымбаттаған футболшылардың жаңартылған тізімін жариялады.
Transfermarkt дерегіне сәйкес, Абдукодир Хусановтың трансферлік құны бір жыл ішінде 23 миллион еуроға көтеріліп, қазіргі бағасы 35 миллион еуроға жетті.
Екінші орынға Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Матвей Кисляк жайғасты. Оның құны 18,8 миллион еуроға өсіп, 20 миллион еуроға жеткен. Үздік үштікті Ресей құрамасы мен "Локомотив" сапындағы Алексей Батраков түйіндеді. Оның бағасы 17 миллион еуроға артылып, 25 миллион еуро болып отыр.
Transfermarkt бағалауына сай, Қазақстан футболшылары арасында ең көп қымбаттаған ойыншы – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек: €600 мың (+€225 мың).
Ал Қазақстаннан шыққан ең қымбат ойыншы ретінде Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" ФК шабуылшысы Дастан Сәтпаев көрсетілген — €3 млн.