"Нәтиже жаман емес": "Қайрат" ойыншысы "Арсеналға" қарсы ойынды бағалады

Сарапшы, спорт журналисі

Чемпиондар лигасының соңғы турындағы матч Лондонда өткен болатын. "Қайрат" нәтижесінде сегіз ойында бір ұпай ғана жинай алды.

"Нәтиже жаман емес": "Қайрат" ойыншысы "Арсеналға" қарсы ойынды бағалады
Дамир Қасаболат. Фото: "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" тіреуші жартылай қорғаушысы Дамир Қасаболат Лондонда өткен "Арсеналға" қарсы матчтан кейін ASnews.kz сайтына пікір білдірді.

Футболшы ойынның ауыр өткенін атап өтті.

"Кездесу оңай болған жоқ, мұны бәрі көрді. Соған қарамастан, нәтижені жаман деуге келмейді. Бізге сәл ойын ырғағы жетіспеді. Себебі ұлттық біріншілік аяқталғанына уақыт болды, ал қаңтардағы оқу-жаттығу жиындарында қажетті деңгейде бабымызды толықтыра алмадық", — деді Қасаболат.

Сондай-ақ, жартылай қорғаушы жанкүйерлердің қолдауына ризашылығын білдіріп, команданың даму жолына тоқталды.

"Стадионда жанкүйерлердің қолдауы анық сезілді. Баршаңызға үлкен рақмет! Командадағы барлық жігіт өсіп келеді. Осындай матчтар арқылы тәжірибе жинаймыз. Алдағы уақытта бұдан да жақсы ойын көрсетуге тырысамыз", — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турда "Қайрат" сырт алаңда "Арсеналдан" 2:3 есебімен жеңіліп, еурокубоктық маусымды аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір