Тарихи маусым: "Қайраттың" еурокубокта тапқан табысы белгілі

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық команда жалпы кезеңнің сегіз ойынында бірде-бір рет жеңіске жете алмағанымен, тапқан табысының көлемі миллиардтап есептеледі. 

Тарихи маусым: "Қайраттың" еурокубокта тапқан табысы белгілі
NUR.KZ

2025/26 маусымында алматылық "Қайрат" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Бүгін жалпы кезеңнің 8-турында “Арсеналға” қарсы ойынын өткізді. 

Турнирдегі нәтиже

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қазақстандық клуб сегіз матчта бір ұпай жинады. "Қайрат" Кипрдің "Пафосымен" 0:0 есебімен тең ойнап, қалған жеті кездесуде жеңіліс тапты.

Алматылық клуб мына командалардан ұтылды:

  • "Спортинг" (Португалия) — 1:4
  • "Реал" (Испания) — 0:5
  • "Интер" (Италия) — 1:2
  • "Копенгаген" (Дания) — 2:3
  • "Олимпиакос" (Грекия) — 0:1
  • "Брюгге" (Бельгия) — 1:4
  • "Арсенал" (Англия) — 2:3

Соған қарамастан "Қайрат"Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (шамамен 11,23 миллиард теңге) табыс тапты.

Ал жалпы кезеңдегі бір тең нәтиже клуб қазынасына тағы 700 мың еуро (шамамен 422,1 миллион теңге) әкелді.

Жалпы сома қандай?

Осылайша, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы жиынтық табысы 19,32 миллион еуроны (шамамен 11,65 миллиард теңге) құрады.

Айта кетейік, еурокубок маусымы толық аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық трансляция мен маркетингтік құқықтарды сатудан түскен қосымша төлемдер де қосылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір