"Қайрат" легионермен қоштасты

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық "Қайрат" құрамында өнер көрсеткен сербиялық жартылай қорғаушы Юг Станоев командадан кетеді. Бұл ақпаратты клубтың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Чемпиондар лигасындағы "Арсеналға" қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Қайрат" легионермен қоштасты
kazfootball.kz

Бас бапкердің айтуынша, клубтан бірден бірнеше ойыншы кеткелі отыр.

“Қазір Егор (Сорокин), Юг (Станоев), Валера (Громыко) кетеді. Чемпиондар лигасындағы қалған матчтарда бізбен бірге болғаны үшін алғыс айттық”, — деді Оразбахтин.

26 жастағы Юг Станоев 2024 жылы “Спартак” (Суботица) клубынан “Қайратқа” ауысып, алматылықтар сапында 48 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Осы мәлімет бойынша “Қайрат” құрамынан:

  • Юг Станоев (Сербия)
  • Егор Сорокин (Ресей)
  • Валерий Громыко (Беларусь) кететіні нақтыланды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір