Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздіктер қатарына кірді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық қақпашы алты матч өткізіп, бір ойында өз қақпасын голдан аман алып қала алған.

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздіктер қатарына кірді
Темірлан Анарбеков. Фото: "Қайрат" ФК

Алматының "Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік бес қақпашының қатарына енді.

Чемпиондар лигасында өткізген алты матчта Анарбеков 36 сейв жасап, 13 гол өткізіп, бір ойында қақпасын "құрғақ" сақтады. Осы көрсеткіштері бойынша Темірлан Францияның "Марсель" клубының аргентиналық қақпашысы Херонимо Рульимен бірге үшінші орынды бөлісіп отыр.

Үздіктер қатарында тағы кім бар?

Чемпиондар лигасының қақпашылар рейтингінде көш басында Никита Хайкин ("Будё-Глимт") тұр — оның еншісінде сегіз матчта 49 сейв және 15 өткізілген гол бар. Екінші орында "Реал" қақпашысы Тибо Куртуа (жеті ойында 41 сейв, 9 гол, екі "құрғақ" матч). Бесінші орынға прагалық "Славия" клубынан Индржих Станек жайғасты — сегіз кездесуде 34 сейв (оның бірі пенальтиден), 16 өткізілген гол және бір "құрғақ" матч.

Еске салайық, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы екі турды жарақатына байланысты өткізіп алды, сол уақытта "Қайраттың" қақпасын Шерхан Қалмырза қорғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір