"Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Арсеналдың" аты аңызға айналған ойыншысы Тьерри Анримен түскен ортақ фотосын бөлісті.
Анарбеков жарияланымына қысқа ғана жазба қалдырған. Посттың өзі жанкүйерлер арасында бірден талқыға түсті.

Тьерри Анри футбол тарихындағы ең танымал шабуылшылардың бірі саналады. Ол кезінде “Арсеналдың” капитаны болған, сондай-ақ Франция құрамасымен әлем және Еуропа чемпионы атанған. Анридің есімі Лондон клубының 2000-жылдар басындағы “алтын кезеңімен” тығыз байланысты.
Желіде пікір екіге жарылды. Бірі — қақпашыны құттықтап, инициалдарының ұқсастығын әзілге айналдырса, енді бір бөлігі “Қайрат” футболшылары Еуропадағы маусымды танымал қарсыластармен фото мен жейде жинауға пайдаланғандай сарындағы сыни пікірлер жазған.