Қытайда 73 адам футболдан өмір бойына шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі

Қытайда футболға қатысты жемқорлық пен келісілген ойындарға байланысты 73 адамға өмір бойына тыйым салынды. Яғни, олар енді өмірінің соңына дейін футболға қатысты кез келген қызметке қатыса алмайды. Бұл шешім ҚХР-дың орталық телеарналары арқылы жарияланған.

Қытайда 73 адам футболдан өмір бойына шеттетілді
today.rtl.lu

Кімдерге қатысты?

Өмір бойғы шектеу алғандардың қатарында Қытай футбол қауымдастығының (CFA) бұрынғы төрағасы Чэнь Сюйюань, ұлттық құраманың экс-бас бапкері Ли Те бар.

AP дерегінше, екеуі де бұған дейін парақорлық ісі бойынша сотталған Ли Те – ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған, ал Чэнь Сюйюаньға қатаң үкім шыққан.

Жеке тұлғалармен қатар, кәсіби клубтар да жазасыз қалған жоқ. Мәліметтер бойынша, бірқатар клубтарға айыппұл және ұпай шегеру секілді санкциялар қолданылған. Кей дереккөздерде 13 клубқа тәртіптік шаралар белгіленгені айтылады.

Бұл оқиға нені аңғартады?

Қытай футболында соңғы жылдары «нөлдік төзім» ұстанымымен жүріп жатқан антижемқорлық науқаны қайта күшейгені байқалады. AP мәліметінше, бұған дейін де осындай толқында ондаған ойыншы мен шенеунік өмір бойына шеттетілген болатын.

Айта кетейік, жақында Түркияда да футболды селт еткізген заңсыз бәстесу/құмар ойындарына қатысты ірі тергеу жүргізіліп, көптеген адам ұсталғаны және 1000-нан аса ойыншының тексеріске іліккені туралы халықаралық БАҚ жазды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір