Хусанов? Өзбекстанның үздік ойыншысы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстан футбол қауымдастығы 2025 жылдың үздік ойыншысын жариялады.

Хусанов? Өзбекстанның үздік ойыншысы белгілі болды
ӨФФ

Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубында өнер көрсететін шабуылшы Эльдор Шомуродов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның үздік футболшысы атанды.

Өзбекстан футбол қауымдастығының мәліметінше, Шомуродов бұл марапатқа алғаш рет ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алғаны, сондай-ақ клуб деңгейінде тұрақты әрі нәтижелі ойын көрсеткені үшін ие болды.

"Эльдор Шомуродов — “Жылдың үздік футболшысы”. Ол Өзбекстан құрамасымен тарихта алғаш рет әлем чемпионатына шықты және “Истанбул Башакшехир” сапында табысты маусым өткізді", — деп жазды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

2025 жылғы маусымда Шомуродов барлық турнирде 27 матч өткізіп, 13 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір