"Барселона" жұлдызы Дембеленің "Алтын добын" ашық сынады

Сарапшы, спорт журналисі

Бразилиялық шабуылшы Дембеленің "Алтын доп" жүлдесіне күмәнін білдіріп, сынын айтты. Оның айтуынша, жүлдені тек бір жарыс нәтижесіне қарап берілмеуі керек.

"Барселона" жұлдызы Дембеленің "Алтын добын" ашық сынады
Сурет: ашық дереккөздерден

"Барселона" шабуылшысы Рафинья өткен маусым қорытындысы бойынша не себепті "Алтын допқа лайық екенін түсіндірді. Дауыс беру нәтижесінде жүлде "ПСЖ" ойыншысы Усман Дембелеге бұйырса, бразилиялық футболшы бесінші орынмен шектелді.

"Мен өзімді бірінші орынға қояр едім. Бұл шуды доғаратын уақыт келді. Менің түсінуімше, жеке жүлде бір ғана турнирдің нәтижесіне қарап берілмеуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, маусым бойы көрсеткен ойынымды, жеңіп алған титулдарымды, статистикамды және алаңдағы еңбегімді ескерсек, мен бұл марапатқа лайықпын деп ойлаймын".

Рафиньяның айтуынша, тек бір жарыстың нәтижесі есепке алынса, ол кезде Дембеле жүлдені әділетті түрде жеңді:

"Алайда жүлде іс жүзінде бір ғана жарыстың нәтижесіне сүйеніп берілетін болса, онда Дембеле өзінің керемет маусымына байланысты оны әділ түрде жеңіп алды. Ламин Ямаль да тамаша маусым өткізді. Бірақ егер "Алтын доп" бүкіл маусымдағы көрсеткіштерді толық ескерсе, бұл жүлде маған тиесілі болар еді", — деді Рафинья Sofascore News-ке берген сұхбатында.

Өткен маусымда Рафинья барлық турнирде 57 матчқа қатысып, 34 гол соғып, 26 нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір