Қазақстан Суперкубогы қашан өтеді?
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) баспасөз қызметі Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін "Қайрат" — "Тобыл" матчын ресми түрде жариялады.
kazfootball.kz
Матч қашан және қайда өтеді?
Ойын “Астана Арена” стадионында 28 ақпан күні (сенбі) өтеді. Басталуы — 17:00.
“Қайрат” — ҚПЛ-2025 маусымының чемпионы болса, “Тобыл” — Қазақстан Кубогының иегері. Оған қоса қостанайлық клуб чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.
Тарих және қызықты дерек
2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын “Қайрат” жеңіп алған. Алматылық клуб елордада өткен кездесуде “Ақтөбені” 2:0 есебімен ұтқан.
Титулдар статистикасы да тең:
-
“Қайрат” Суперкубокты 3 рет иеленген
-
“Тобыл” да бұл трофейді 3 мәрте жеңіп алған
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet