"Елімай" құрамын бразилиялық қорғаушымен күшейтті

Сарапшы, спорт журналисі

Семейдің "Елімай" ФК Қазақстан Премьер-Лигасының 2026 маусымына дайындық аясында және еурокубоктағы алғашқы ойынының қарсаңында құрамына жаңа легионер қосты. Команда сапына 26 жастағы бразилиялық орталық қорғаушы Игор Габриэл Фернандес Алвес шақырылды.

"Елімай" құрамын бразилиялық қорғаушымен күшейтті
instagram/@higorgabriel_99

Келісімшарт қашан жасалды?

Клуб мәліметінше, 3 ақпанда оңтүстікамерикалық футболшы “Елімаймен” ресми келісімшартқа қол қойған. Алвес негізгі позициясы бойынша орталық қорғаушы ретінде ойнайды.

Игор әртүрлі мемлекеттердің біріншіліктерінде өнер көрсеткен. Халықаралық тәжірибе бай. Бұған дейін ол мына клубтардың жейдесін киген:

  • “Флуминенсе” (Бразилия)
  • “Сабах” (Әзербайжан)
  • “Динамо” Минск (Беларусь)
  • “Львов” / “Карпаты” (Украина)
  • “Хибернианс” (Мальта)
  • “Навбахор” (Өзбекстан)

Титул және соңғы маусымдағы статистика

Алвес “Хибернианс” құрамында Мальта Премьер-лигасының чемпионы атанған. Ал өткен маусымды ол Өзбекстан чемпионатында “Навбахор” сапында өткізіп, 33 матчта 3 гол соққан.

Семейлік клуб ҚПЛ-2025 маусымын төртінші орынмен аяқтағандықтан биыл жазда УЕФА Конференциялар лигасында алғаш рет бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір