"Зенит" ФК шабуыл шебін жаңа ойыншымен күшейтті. Колумбиялық шабуылшы Джон Дуран ресми түрде петербургтік командаға ауысты.
Клубтың Instagram желісіндегі хабарламада тараптардың келісімге келгені айтылды:
"Зенит“ пен Сауд Арабиясының "Әл-Наср“ клубы шабуылшы Джон Дуранды жалға алу жөнінде ортақ шешімге келді. Арендалық келісім 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды".
22 жастағы футболшы бұған дейін Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының намысын қорғады. Айта кетейік, дәл осы командада португалиялық супержұлдыз Криштиану Роналду өнер көрсетеді. Дуран бұл клубта 13 матч өткізіп, 8 гол соқты.
Колумбиялық форвардтың мансабында Еуропаның бірнеше танымал клубы бар. Олар: "Астон Вилла" және "Фенербахче" командасындағы бір маусымдық аренда.
Қазір "Зенит" сапында Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп өнер көрсетіп жүр. Ол ресейлік клубқа 2023 жылы "Қайраттан" ауысқан. Енді қазақстандық қорғаушы Джон Дуранмен бір командада ойнайды.