Дастан Сәтпаев жарақатынан әлі айықпады: клуб мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Жас шабуылшы "Қайраттың" оқу-жаттығу жиындарына қатыспаған.

Дастан Сәтпаев жарақатынан әлі айықпады: клуб мәлімдеме жасады
Дастан Сәтпаев. Фото: "Қайрат" ФК

Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, медициналық көрсеткіштерге байланысты Сатпаев емін Катарда жалғастырады, содан кейін командаға Алматыда қосылады.

Еске салайық, Дастан Сатпаев биылғы жылдың тамыз айында ресми түрде Лондонның "Челси" клубының құрамын толықтырады. Келісімшарт жасалып қойылған — "Қайрат" жас шабуылшы үшін төрт миллион еуро алады.

13 ақпанда "Қайрат" Ресейдің "Оренбург" клубына қарсы жолдастық матч өткізеді.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша алматылық клуб 2025 жылғы ҚПЛ чемпионы атанды, сондай-ақ 2025/2026 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысып, бір ұпаймен соңғы орынға тұрақтады.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір