Темірлан Анарбековке қатысты тағы бір шешім шықты

Сарапшы, спорт журналисі

УЕФА жуырда "Қайрат" клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысының Чемпиондар лигасындағы ойынын жоғары бағалап, үздіктер қатарына қосты. 

Темірлан Анарбековке қатысты тағы бір шешім шықты
Vesti.kz

УЕФА Чемпиондар лигасының ресми Instagram парақшасы турнирдің жалпы кезеңіндегі үздік 10 сейвті жариялады. Тізімге алматылық "Қайрат" клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков тікелей қатысқан эпизод та бар. 

Тамаша сейв

Темірлан Анарбеков сырт алаңда Данияның "Копенгаген" клубына қарсы болған кездесуде керемет сейв жасаған еді. Сол ойында "Қайрат" 2:3 есебімен жеңілгенімен, қазақстандық қақпашының сенімді ойыны мамандардың назарын аударған болатын. 

УЕФА жариялаған үздік сәттер видеосында Анарбековтің қауіпті соққыны қайтарған эпизоды Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ең әсерлі сейвтердің бірі ретінде аталды.

Келісімшарт ұзартылды

Айта кетейік, қаңтар айының соңында "Қайрат" клубы Темірлан Анарбековпен келісімшартты ұзартқанын ресми хабарлады. Жаңа келісім 2028 жылдың 30 қарашасына дейін күшінде болады.

22 жастағы қақпашы соңғы маусымдарда алматылық клубтың негізгі ойыншысына айналды.

Қазақстандағы және Еуропадағы көрсеткіштері

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Темірлан Анарбеков бірқатар жетістікке жетті. 

  • Қазақстан Премьер-Лигасының үздік қақпашысы
  • SofaScore статистикалық платформасының бағалауынша, ол Чемпиондар лигасындағы ең жоғары рейтинг көрсеткен қақпашылардың бірі
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір