"Әл-Наср" Криштиану Роналдуды сататын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдуды Англия Премьер-Лигасының (АПЛ) бірқатар командаларына 40 млн фунтқа ұсынғаны жөнінде ақпарат тарады.

"Әл-Наср" Криштиану Роналдуды сататын болды
bbc.com

Үш клуб бірден бас тартқан

TopSkills US мәліметінше, кем дегенде үш ағылшын клубы ықтимал трансферден бас тартқан. Соған қарамастан “Әл-Наср” басшылығы футболшыға жаңа команда іздеу жұмысын жалғастырып отыр.

Материалда Роналдуды өз қатарына қосуға Лиссабонның “Спортингі” қызығушылық танытып отырғаны да айтылады. Айта кетейік, Криштиану кәсіби мансабын дәл осы клубта бастаған.

Роналдудың “Әл-Насрдағы” келісімі: негізгі деректер

Криштиану Роналду 2022 жылдың 30 желтоқсанында еркін агент ретінде “Әл-Насрмен” ресми келісімшартқа отырған. Ал 2025 жылдың маусымында тараптар келісімді 2027 жылға дейін ұзартқаны халықаралық БАҚ-та расталған.

Ескерту: жалақы мен коммерциялық бонустарға қатысты нақты сомалар әр дереккөзде әртүрлі беріледі. Sports.kz материалында келісім мерзімі ішіндегі табыс 400 млн доллардан асады деп көрсетілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір