Абат Айымбетов келісімшартқа қол қою үшін еуропалық клубқа келді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияға аттанып, "Петролул" (Плоешти) клубымен келісімшарт рәсімдеуге жақын.

Абат Айымбетов келісімшартқа қол қою үшін еуропалық клубқа келді
instagram/@aimbetov9507

Айымбетов бүгін келісімге қол қоюы ықтимал

Fanatik әліметінше, Айымбетов Плоешти қаласына келіп, “Петролулмен” келісімшартқа бүгін қол қояды. Футболшы еркін агент мәртебесінде болғандықтан құжаттар реттелген жағдайда клуб сапында дереу тіркеліп, ойнауға мүмкіндік алады.

30 жастағы форвард ұлттық құрамада 45 матч өткізіп, 9 гол соққан. Соңғы клубы – Түркия чемпионатындағы “Адана Демирспор”. Ол командадан жазда кеткеннен кейін біраз уақыт Астанада дайындалып жүргені айтылды.

Мансабы және статистикасы

Дерекке сәйкес, Айымбетовтің нарықтағы бағасы 400 мың еуро шамасында. Қазақстанда ол “Ақтөбе”, “Қайрат”, “Астана” сапында доп тепсе, Ресейде “Крылья Советов” клубында да өнер көрсетті. Жалпы мансабында 274 ойынға қатысып, 68 гол авторы атанған.

“Петролул” – Румыния футболындағы дәстүрлі клубтардың бірі: команда үш мәрте ел чемпионы, сондай-ақ Румыния кубогын үш рет иеленген. Бұдан бөлек, клубтың еншісінде Лига II жеңісі және Румыния Суперкубогы бар. Қазіргі маусымда “Петролул” ұлттық біріншіліктің турнир кестесінде 12-орында, қоржынында 24 ұпай жинаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір