Қайрат Боранбаев үкіметтен алатын 750 млн теңге жайлы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық "Қайрат" жекеменшік клуб болғанына қарамастан, жыл сайын үкімет қазынасынан қомақты қаражат алуда.

Қайрат Боранбаев үкіметтен алатын 750 млн теңге жайлы мәлімдеме жасады
Қайрат Боранбаев. Фото: "Қайрат" ФК

Қайрат Боранбаев Алматы әкімдігі тарапынан "Қайрат" клубына бөлінген қаржыға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін клубтың Чемпиондар лигасынан қомақты табыс тапқанына қарамастан, бюджеттен 750 млн теңге алғаны хабарланған еді.

Пікір білдіруге 2026 жылы "Қайраттың" Алматы қаласы бюджетінен 750 миллион теңге алғаны туралы жарияланымдар себеп болды. Бұл ретте клуб УЕФА Чемпиондар лигасына қатысудан едәуір табыс тапқан.

Жағдайға клубтың Қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Freedom Podcast YouTube-арнасына берген сұхбатында түсініктеме берді.

"Негізгі мақсат — балаларды футболға баулу"

Боранбаев мемлекеттік қолдау ең алдымен балалар футболын дамытуға бағытталғанын атап өтті:

"“Қайрат” әкімдіктен ақша алды деген хейт көп болады. Біз он жылдан астам уақыттан бері осы бағытта жұмыс істеп келеміз және басынан бастап балалар футболын — 6 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға арналған бұқаралық футбол ретінде құрдық. Негізгі мақсат — балаларды футболды сүюге үйрету. Бізде кәсіби футбол 14 жастан басталады. Неге ол академия-интернат деп аталады? Онда жасы кіші балалар да бар, бірақ басты мақсат — футболға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Бұл бағытта мемлекеттің қатысуы да маңызды", — деді Боранбаев.

Чемпиондар лигасынан түскен табыс жайлы

2025–2026 жылғы маусымда алматылық "Қайрат" тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Команда сегіз матч өткізді — төртеуін Алматыда хәне төрт ойынды сырт алаңда.

Турнирдің негізгі кезеңіне шыққаны үшін клуб 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) табыс тапты. "Пафоспен" болған бір тең ойын үшін қосымша 700 мың еуро (422,1 миллион теңге) алды. Жалпы табыс 19,32 миллион еуроны немесе шамамен 11,65 миллиард теңгені құрады.

Жалпы кезеңде "Қайрат" алты ойында жеңіліс тапты: "Спортингке" (1:4), "Реал Мадридке" (0:5), "Интерге" (1:2), "Копенгагенге" (2:3), "Олимпиакосқа" (0:1) және "Брюггеге" (1:4). Нәтижесінде команда бір ұпай жинап, 36-орынмен соңғы сатыға жайғасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір