Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Шотландия чемпионатындағы дебюттық голын соқты.
"Хартстың" бас бапкері Дерек Макиннес Шотландия чемпионатында "Фалкиркке" қарсы өткен матчтан кейін Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың прогресі мен еңбекқорлығын жоғары бағалап, оның командаға сәтті бейімделіп келе жатқанын атап өтті.
"Менің ойымша, ол дұрыс бағытта дамып келеді. Командадағы серіктестерінің барлығы оған сенім артады. Біз оның жұмысқа деген адалдығын көріп отырмыз — ол нағыз еңбекқор. Бәлкім, мен жұмыс істеген қаптал ойыншыларының ішіндегі ең еңбекқоры шығар. Біз оның өзіне деген сенімі артып келе жатқанын сеземіз.
Ол қақпаға соққы жасады, допты қорғаушы бөгеді — бұл „Фалкирк“ ойыншысы тарапынан батыл әрекет болды. Соққы қақпаға бағытталған еді, оның бойында мұндай қасиет бар. Меніңше, ол біртіндеп өз орнын тауып, қадам сайын командасының бір бөлшегі екенін шын мәнінде сезіне бастады. Баспасөзбен сөйлесуге дайын ба, білмеймін, бірақ оның ағылшын тілі өзі ойлағаннан әлдеқайда жақсы — ол дамып келеді, біз оған өте ризамыз", — деді Макиннес матчтан кейінгі сұхбатында.
Айта кетейік, қазақстандық ойыншының дебюттік голы "Хартсқа" жеңіс сыйлады. Нәтижесінде команда 60 ұпай жинап, Шотландия Премьер-лигасында көш басындағы орнын сақтап қалды және "Рейнджерстен" бес ұпайға ұзап кетті.
Оқи отырыңыз:
Өзбекстан құрамасының ойыншылары "Башакшехирге" жеңіс әперді;
Конькишілеріміз әлем кубогында төрт алтын жеңіп алды;
"Ақтөбе" "Баварияны" чемпион қылған бас бапкермен келіссөз жүргізіп жатыр