Нығматулиннің экс-құдасы "Тұранға" көз тікті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі уақытта тараптар ықтимал мәміленің шарттарын талқылап жатыр екен.  

Нығматулиннің экс-құдасы "Тұранға" көз тікті
1bol.kz

Қазақстандық кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысов түркістандық "Тұран" футбол клубын сатып алуы мүмкін. Қазіргі уақытта ықтимал мәміленің шарттары талқыланып, клубты басқару форматы пысықталуда. 

Telegram желісіндегі BAD FOOTBALL арнасының хабарлауынша, тараптар келісімге келсе, "Тұран" жақын уақытта жаңа жекеменшік инвесторға ие болуы мүмкін. 

Әзірге тараптар бұл мәселе бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Соған қарамастан, футбол ортасында бұл тақырып қызу талқыланып жатыр.

"Тұран" өткен маусымды соңғы орында аяқтады

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Тұран" Қазақстан Премьер-лигасында 16 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы орын алды.

Фото: Vesti.kz

Осы нәтижеден кейін команда жоғары дивизионнан түсіп қалды. Кейін клуб сатылымға шығарылды.

Дінмұхамед Ыдырысов кім?

Forbes Kazakhstan журналының деректеріне сәйкес, Дінмұхаммед Ыдырысов Қазақстанның ең бай 75 кәсіпкерінің тізімінде 18-орында тұр.

Оның активтері шамамен 563 миллион долларға бағаланады.

Кәсіпкердің бизнесі бірнеше салада дамыған:

  • банк секторында
  • телекоммуникация саласында
  • тау-кен өндірісінде
  • коммуналдық қызмет көрсету.

Нығматулин әулетімен байланысы

Дінмұхаммед Ыдырысов бұған дейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулинмен құда болған.

Кәсіпкердің қызы Мәдина Ыдырысова Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановқа тұрмысқа шықты. Қазіргі мәліметтерге сәйкес, олар кейін ажырасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір