Бапкерлік штаб жуырда ұлттық құраманың кеңейтілген құрамын жариялады.
25-28 наурыз аралығында Астанада ФИФА-ның футболдан жаңа халықаралық жолдастық кездесулер турнирі өтеді. Ол FIFA Series 2026 деп аталады.
Қазақстан футбол құрамасы төрт команда қатысатын шағын турнирдің қожайындарының бірі. Жеребе қорытындысы бойынша, “Астана Арена” стадионында “төрттік финал” форматында көшбасшылық үшін Қазақстан, Комор аралдары, Кувейт және Намибия командалары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсұфинов ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков (“Қайрат”); Мұхаммеджан Сейсен (“Астана”); Александр Заруцкий (“Ақтөбе”); Бекхан Шайзада (“Ордабасы”).
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де “Ордабасы”); Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (барлығы “Қайрат”); Нұралы Әліп (“Зенит”, Ресей); Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де “Астана”); Әділбек Жұмаханов, Әрсен Әшірбек (екеуі де “Елімай”); Наурызбек Жағоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де “Тобыл”); Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де “Қайсар”); Дінмұхамед Қашкен (“Жетісу”); Санжар Сатанов (“Атырау”); Сағадат Тұрсынбай (“Жеңіс”); Бағдат Қайыров (“Ақтөбе”); Амандық Нәбиханов (“Каспий”).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлебай (барлығы “Елімай”); Әділет Сәдібеков, Дамир Қасаболат (екеуі де “Қайрат”); Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де “Қайсар”); Зикрилло Сұлтаниязов (“Ордабасы”); Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де “Тобыл”); Исламбек Қуат (“Жеңіс”); Дінмұхаммед Қараман (“Астана”); Георгий Жуков (“Ақтөбе”).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де “Қайрат”); Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де “Ахмат”, Ресей); Ислам Чесноков (“Хартс”, Шотландия); Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де “Тобыл”); Елхан Астанов (“Ордабасы”); Рамазан Кәрімов (“Астана”); Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де “Елімай”); Оралхан Өміртаев (“Оқжетпес”); Артур Шушеначев (“Ақтөбе”); Нұрдәулет Ағзамбаев (“Қайсар”).
Алғашқы матчта Талғат Байсейітовтің шәкірттері Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды, ал екінші кездесуде Кувейт немесе Намибиямен кездеседі.