Жекеге өткеннен не пайда? ҚПЛ клубтары әлі бюджет қаржысына тәуелді

Сарапшы, спорт журналисі

Кәсіби футболға бөлінетін қаржы 30 млрд теңгеге жуықтауы мүмкін.

Жекеге өткеннен не пайда? ҚПЛ клубтары әлі бюджет қаржысына тәуелді
Sports24.kz

Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) клубтары 2026 жылы да мемлекеттік қаржыландыруға арқа сүйеп отыр. Alafop.kz келтірген дерекке сәйкес жыл басынан бері отандық клубтар 25,6 млрд теңгеден астам мемлекеттік тендерді жеңіп алған. 

Ал ай соңына дейін аяқталатын конкурстарды есептегенде, кәсіби футболға бөлінетін қаржы 30 млрд теңгеге жуықтауы мүмкін. Ай соңына дейін сегіз конкурс аяқталмақ.

Сарапшылардың айтуынша, ең қызығы — ең ірі тендерлердің кейбірі жекеменшік клубтарға тиесілі.

Ең көп қаржы "Қызылжарға" бөлінді

2026 жылғы мемлекеттік қолдаудың ең үлкен көлемі Петропавлдың "Қызылжар" клубына бұйырды.

Клуб үш маусымға 6,3 млрд теңге алады:

  • 4,3 млрд теңге – негізгі командаға
  • 1,9 млрд теңге – QJ League жүйесіндегі жастар командасына.

Айта кетейік, "Қызылжар" 2025 жылдың қарашасында кәсіпкер Сергей Канның меншігіне өтті. Forbes деректеріне сәйкес, бизнесменнің байлығы шамамен 470 млн долларды құрайды.

Қазақстан футболында соңғы жылдары бірнеше клуб жекеменшік инвесторларға өткенімен, олардың көпшілігі мемлекеттік қаржыландырудан бас тартпаған.

Мысалы:

  • "Қайсар" – маусым басында облыс бюджетінен 269 млн теңге алды. Сонымен қатар 995 млн теңгелік тағы бір тендердің нәтижесі күтілуде.
  • "Ақтөбе" – Qazaq Stroy компаниясының иесі Нұрлан Артықбаевтың меншігіне өткеніне қарамастан, облыс әкімдігі клубты қаржыландыруды жалғастыруда.

Алдағы уақытта клубқа қатысты үш тендердің нәтижесі белгілі болады:

  •   282 млн теңге – бірінші лига командасына
  •   258 млн теңге – әйелдер командасына
  •   431 млн теңге – балалар-жасөспірімдер орталығына

Ал "Каспий" клубы негізгі, жастар және әйелдер командаларын ұстау үшін 2,1 млрд теңге көлемінде қаржы алуы мүмкін.

2026 жылғы ҚПЛ клубтарының мемлекеттік тендерлері

Қазіргі деректер бойынша, клубтар жеңіп алған немесе күтіліп отырған мемлекеттік қаржы көлемі:

  • "Қызылжар" – 6,3 млрд теңге (3 жылға)
  • "Ордабасы" – 2,811 млрд
  • "Жетісу" – 2,811 млрд
  • "Елімай" – 2,8 млрд
  • "Тобыл" – 2,693 млрд
  • "Алтай" – 2,213 млрд
  • "Ұлытау" – 1,987 млрд
  • "Оқжетпес" – 1,2 млрд
  • "Ертіс" – 1,034 млрд
  • "Жеңіс" – 999,9 млн
  • "Қайсар" – 269 млн (күтілетіні – 995 млн)
  • "Атырау" – 129 млн (сонымен бірге 3 жылға 3,5 млрд және 447 млн)
  • "Каспий" – әзірге 0 (күтілетіні – 2,1 млрд)
  • "Ақтөбе" – әзірге 0 (күтілетіні – 971 млн)
  • "Қайрат" – 0
  • "Астана" – 0
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір