Белгілі ресейлік бапкер Виктор Кумыков ресми түрде түркістандық "Тұран" клубының бас бапкерлігіне тағайындалды.
62 жастағы маманмен жасалған келісімшарттың нақты мерзімі мен өзге де шарттары әзірге көпшілікке мәлім етілмеді.
"Тұран" өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысында соңында қалып, элиталық дивизионмен қош айтысқан. Енді команда биылғы маусымды Бірінші лигада өткізеді.
Виктор Кумыков бұған дейін қызылордалық "Қайсарды" жаттықтырған. Оның жетекшілігімен клуб ҚПЛ-2026 маусымын 11-орынмен аяқтады.
Тәжірибелі маман қазақстандық жанкүйерлерге ең алдымен қарағандылық "Шахтердегі" жетістіктерімен жақсы таныс. Ол бас бапкер ретінде бұл клубпен бірге екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды.
Виктор Кумыковтың "Шахтермен" жетістіктері:
Виктор Кумыков жетекшілік еткен кезеңде қарағандылықтар 2013 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, еурокубоктардың негізгі кезеңіне шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб атанды.